logo

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарын құрметтеу шарасы өтті


«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарын құрметтеу шарасы өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында 19 командалар арасында жүлделі 6 орынға ие болған университеттің «ҰлтҚорғаУ» командасының жас сарбаздары мен Астана қаласы №3, №60, №79 мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәндері мұғалімдерін құрметтеу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Университет бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиын қатысушыларына алғысын білдіріп, олардың табандылығы мен рухтарының биіктігін ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында жиын қатысушыларына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.