2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Рсеупбликасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери оқыту және тәрбие кафердасында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ауқымды атап өту аясында белгілі қоғам қайраткері, академик, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиның 110 жылдығына арналған «Өмірі өнеге, ерлігі мұра – дара тұлға Мәлік Ғабдуллин» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушы құрамы және магистранттар қатысты.Тақырып аясында батырдың өмірлік жолы, әскери қызметі және ғылыми әдеби мұрасы талқылынды.