2025 жылдың 15 мамырында Өзбекстан Республикасының Қарулы Күштері академиясында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мамархим Исраиловтың 75 жылдығына арналған «Әскери кадырларды даярлау барысындағы табиғи және нақты ғылымдар: озық тәжірбие мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
ӨР ҚК Академиясы бастығының шақыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы конференцияға қатысты.
Құрлық әскерлері факультетінің бастығы полковник Ескенов М.З. өзінің құттықтау сөзінде әскери білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ытымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сонымен қатар ҚР ҰҚУ және Өзбекстан Академиясы арасындағы кәсіби байланыстың ерекше рөлін атап өтті.
Факультет бастығы конференцияға қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді және қазіргі уақытта ҰҚУ-де Өзбекстан Республикасының екі әскери қызметшісі тағылымдамадан өтіп жатқанын хабарлады. Бұл елдеріміз арасында сенімділік пен өзара қарым-қатынастың көрнекі мысалы ретінде болып табылатынын атап кетті.
Конференция барысында әскери білім мен ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша тәжірбие алмасу өтті. Қатысушылар полковниктер
Т.М. Баудиновтың және С.У. Галиаскаровтың әскери кадырларды даярлау және офицерлердің кәсіби-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тақырыбындағы баяндамаларын жоғары бағалады.