logo

Әскери-ғылымивзводтың Astana IT University сапары


Әскери-ғылымивзводтың Astana IT University сапары

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Astana IT University (AITU) арасындағы екі жақты ынтымақтастық шеңберінде әскери-ғылыми взводтың (ӘҒВ) сапары өтті. Сапардың мақсаты ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, озық тәжірибе алмасу және мүмкіндіктер үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесі үшін ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру болды.

Сапар барысында взводтың жеке құрамы жаттығу атысын өткізіп, АК-74-тен 4-ші бақылау ату жаттығуларын және оқу-Имитациялық атыс қаруынан интерактивті сызықшада ПМ-тан 1-ші оқу ату жаттығуларын орындады. AITU әскери кафедрасының мамандары өздерінің зертханалары мен оқу-жаттығу сыныптарын көрсетті.

ӘҒВ өздерінің ІТ-технологияларды әскери зерттеулерде қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті, ағымдағы жобалар туралы айтып берді және AITU әскери кафедрасының жетекші оқытушыларымен пікір алмасты.