2025 жылдың 18 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Ұлттық киім күні» өткізілді. Бұл халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
Ұлттық киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Ұлттық киімде қолданылған маталардан біз өткен заманның сұлулығы мен болашақтағы бірегейлігімізді сақтаудың кілтін көреміз.