logo

Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары


Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары

2025 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.В. Нагендра Прасад мырзаның сапары өтті. Сапар барысында университет басшылығымен кездесу өтіп, әскери білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Прасад мырза университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар алдында «Үндістанның ғаламдық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі, оның ішінде Орталық Азия: ШЫҰ, ҰҚШҰ, БРИКС және басқа халықаралық ұйымдар» тақырыбында лекция оқыды. Елші өзінің баяндамасында Үндістанның қазіргі халықаралық қатынастардағы стратегиялық маңыздылығын және қауіпсіздік саласындағы түрлі ғаламдық және аймақтық құрылымдардағы белсенді рөлін кеңінен түсіндірді.

Сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жолында маңызды қадам болды.