2025 жылдын 6 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде аталған ЖОО ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті.
Семинарға офлайн және онлайн форматта барлығы 300-ге жуық тыңдаушы қатысты, олар жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, қазақстандық ғылыми басылымдардың редакторлары, диссертациялық кеңестердің төрағалары, ғылыми жобалардың жетекшілері, докторанттар мен магистранттар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен семинар жұмысына педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор З.Р. Бурнаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Н. Жексенбинов, әскери ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.О.Тойбазаров, философия докторы (PhD) Е.У. Бекишев, докторант Р.М. Құрманбаев, сондай-ақ Н.Б. Сүлейменов (онлайн) қатысты.
Семинардың модераторы ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Ғайни Есенбайұлы Есенбаев болды.
Семинардың басында басқарма мүшесі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Ж.Д. Құрманғалиева құттықтау сөз сөйледі, проректор ғылым мен жоғары білім саласын басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі өзекті үрдістер мен өзгерістерді ескере отырып, қазақстандық ғылымда этикалық нормаларды одан әрі нығайту үшін өткізілетін семинардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Семинар аясында ғылыми-зерттеу қызметінде этикалық стандарттарды ілгерілетудегі халықаралық тәжірибе туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының профессоры, «Қазақстандық қоғам цифрлық трансформация жағдайында: перспективалар мен тәуекелдер» ҚР ҰӘҚ ғылыми жобасының «зерттеу этикасы» жұмыс тобының жетекшісі К.А. Медеуова айтып берді. Сондай-ақ, спикер 2024 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үздіксіз білім беру институтының базасында өткізіліп келе жатқан «зерттеу этикасы» курсының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып берді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры У.М. Сандыбаева зерттеудегі негізгі этикалық принциптер, ғылыми-зерттеу қызметінде туындайтын этикалық проблемалар мен диллемалар туралы айтып берді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры К.С. Ермағамбетованың баяндамасы Қазақстандағы докторанттардың диссертациялық жұмыстарын этикалық бағалаудың тәжірибесіне және проблемалық аспектілеріне арналды.
Ғылым және жоғары білім саласындағы зерттеуші К. Молдашевтің баяндамасының тақырыбы зерттеу қызметінде жасанды интеллектті этикалық қолдану мәселелері мен тәжірибесіне арналды.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры, білім беру саласындағы зерттеушілер қоғамының (KERA) мүшесі Гүлжанат Ғафу ғылым және жоғары білім саласындағы этикалық құжаттарды әзірлеу мен жетілдірудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Семинар бағдарламасының негізгі бөлімінен кейін спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, интерактивті түрде пікірлер мен ұсыныстар алмасылды.