Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Іс-шараға университеттің мерзімді қызмет сарбаздары, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара әскери рәсімнің сақталуымен және бостандық пен бейбітшілік үшін өмірін қиған жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен өтті. Сарбаздар ерекше мақтаныш пен құрмет сезімімен есерткішке гүл шоқтарын қойды.
Рәсім ұрпақтар сабақтастығының және Отан қорғаушылардың ерлігі халықтың тарихы мен жүрегінде мәңгілікке қалатын символына айналды.