2025 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің 2024-2025 оқу жылының Ғылыми жұмыстар жоспарына сәйкес, Әуе қорғаныс күштері факультеті «Әуе қорғаныс күштерінің жағдайы мен алдағы дамуы» тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырып өткізді.
Конференция ҚР ҰҚУ бастығы – PhD, генерал-майор А. Мустабековтың төрағалығымен өтті. Оған Әуе қорғаныс күштері факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен магистранттар және шақырылған лауазымды адамдар қатысты. Оның ішінде:
Байланыс және электроника әскери-инженерлік институтінің бастығы – генерал-майор Н. Кабаков, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері басқолбасшы басқармасының бас штабы бас басқарма бастығының орынбасары – қолдануды және жедел даярлықты жоспарлау басқармасының бастығы – полковник М. Каримов, ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасы ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімінің аға инспектор-ұшқышы – полковник Н. Амантай, ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы инженерлік-авиациялық басқармасының аға инженер-инспекторы (ңұсқаушы) – подполковник В. Бекряшев, ҚР ҚК Құрлық әскерлер басқолбасшысының басқармасы ӘШҚҚ Бас басқармасының бағыт аға офицері – подполковник А. Бейсембаев және бейнеконференция байланыс режімінде ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚӘ қолбасшысы – генерал-майор Қ. Даутов және осы басқармасының офицерлері.
Конференцияның мақсаты: Қазіргі жағдайдағы ӘҚК дамуындағы мәселелерге бірыңғай көзқарастар өңдіру. Проблемалар мен шешу жолдары.
Конференцияда бір қатар баяндамалар тындалды және талқыланды. Конференцияның қорытындысы бойынша материалдары жинағы ретінде басылымға жарияланады.