logo

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің«ҚК Бас штаб Академиясы» факультетінде дөңгелек үстел өткізілді


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің«ҚК Бас штаб Академиясы» факультетінде дөңгелек үстел өткізілді

2025 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті «Бас штаб Академиясы» факультетінде «Ұлы Отан соғысындағы әскери стратегия мен оперативтік өнерді дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел Ұлы Отан соғысының 80-жылдығының дайындығы аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел қатысушылары Ұлы Отан соғысының тәжірибесін казіргі заманауи талаптарға жауап беретін әскери өнердің ережелерін әзірлеу барысында зерттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары мен докторанттарының оқу процессінде қолдану қажеттілігі бойынша бір ойға келді. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысында әскери стратегия және оперативтік өнердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектері жинағы жарияланатын болады.