logo

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен «Ghalam» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен «Ghalam» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен «Ghalam» ЖШС ғылыми-зерттеу, білім беру және технологиялық қызмет салаларындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қоюдың мақсаты – қорғаныс, аэроғарыштық технологиялар және басқа салаларда күш-жігерді біріктіруге бағытталған өзара тиімді серіктестікті орнату және дамыту. Меморандум бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, тағылымдамалар мен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мүддесінде инновациялық шешімдерді дамытуды көздейді.

Қол қою салтанатты жағдайда «Ghalam» ЖШС аумағында өтті. Тараптар ынтымақтастықтың ғылым, білім және өнеркәсіпті біріктіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.