logo

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде  «Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде  «Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2025 жылдың 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат, Мәжіліс депутаттары, Ресей Федерациясының әскери атташесі, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының өкілдері, онлайн байланыс режимінде Әзірбайжан мен Беларусь Республикаларының өкілдері қатысты.