2025 жылғы 17 сәуірде білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Келісім шеңберінде тараптар бірқатар стратегиялық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастық жасауға ниет білдірді:
– ғылыми-педагогикалық құрамның, магистранттар мен докторанттардың өзара тағылымдамаларын ұйымдастыру;
– бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жүргізу;
– бірлескен іс-шараларды іске асыру: ғылыми конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер;
– ғылыми, әдістемелік және білім беру әдебиеттерімен алмасу;
– екі ұйымның оқытушылары мен мамандарын консалтингтік және оқытушылық қызметке тарту.
Тараптардың өкілдері:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясынан, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры Сексембаев Марат Исламханұлы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен, университет бастығы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, генерал-майор Мұстабеков Асқар Досбосынұлы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қатысушылары үшін Академия аумағы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның ішінде сот процестері залы, психологиялық түсіру кабинеті, киберорталық, прокурорлық және криминалистикалық полигондар бар.