2025 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті базасында «Бейбіт және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды зымырандармен және оқ-дәрілермен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы және жетілдірілуі» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны әскери ғылыми-зерттеу орталығының қару-жарақ және әскери техника ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, әскери басқару органдарының, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, қорғаныс-өнеркәсіптік кешен (ҚӨК) кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ тылдық және техникалық қамтамасыз ету саласындағы жетекші сарапшылар мен мамандар қатысты.
Конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Сыдыков Бахытбек Сапарбекұлы Қарулы Күштерді оқ-дәрімен қамтамасыз ету саласында заманауи сын-қатерлерге уақтылы әрекет етудің, қазіргі жабдықтау жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізудің, сондай-ақ логистикалық циклдің барлық кезеңдерінде – өндірістен бастап кәдеге жаратуға дейін – инновациялық және технологиялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:
Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені өкілдері армияның қазіргі заманғы зақымдау құралдарына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жаңа әзірлемелер мен өндірістік қуаттарды жаңғырту жобаларын ұсынды.
Конференция қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, ұлттық ҚӨК-тің технологиялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында ракета және оқ-дәрімен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен резолюция қабылданды.