logo

Түрік тілі курсының аяқталуы


Түрік тілі курсының аяқталуы

Қазақстан және Түркия қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жеті айлық түрік тілін қарқынды оқыту курсының салтанатты аяқталу іс-шарасы өтті.

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша алдағы уақытта Түркияда білім алуға жоспарланған Қазақстанның Қарулы Күштерінің барлық түрлерінің, түрлі әскери тектер мен қызметтердің өкілдері түрік тілінің аталған курсында тілдік дайындықтан өтті.