logo

Тілдік курсының аяқталуы


Тілдік курсының аяқталуы

Қазақстан Республикасының, Түркия және Франция Республикаларының Қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде 2025 жылғы 30 мамырда шетел әскери қызметшілеріне орыс тілін оқыту курсының тыңдаушыларымен салтанатты бітіру жиыны өткізілді.

2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 30 мамыры кезеңінде Түркия Республикасы мен Франция Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері орыс тілі курсында тілдік даярлықтан өтті.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, Түркия және Франция мемлекеттерінің әскери атташелері қатысты.