Ағымдағы 18 наурыз күні Руанда Республикасы Қорғаныс делегациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне танысу сапары өтті.
Сапар барысында Руанда делегациясына Ұлттық қорғаныс университетінің негізгі міндеттері мен функциялары, сондай-ақ шетелдік офицерлерді оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар әскери білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.