2025 жылдың 6 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80жылдығын атап өтті.
Отан қорғаушылар құрметіне арналған салтанатты іс-шарада университет бастығы университет ардагерлері мен әскери қызметшілеріне бағалы сыйлықтар, мемлекеттік наградалар мен әскери атақтарды табыстады.
Университет бастығы ардагерлерге, әскери қызметшілерге және тек соғыс алаңында ғана емес, күнделікті өмірде де тұрақтылықты сақтай отырып, елді дамыта отырып, азаматтық жауапкершілікті танытатын, Отанды қорғауда үлес қосып отырған жандарға алғысын білдірді.