logo

Медициналық жәрдем көрсету бойынша дөңгелек үстел


Медициналық жәрдем көрсету бойынша дөңгелек үстел

2025 жылғы 14 наурызда Әскери медицина кафедрасында «Мамандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған ұрыс даласындағы медициналық құрал-жабдықтар» атты дөңгелек үстел өтті.

br>Дөңгелек үстелде қарулы қақтығыстардың өзгеру жайы және әскерлерге мамандырылған медициналық жәрдем көрсетудің рөлін арттыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мамандырылған медициналық жәрдем көрсетудің казіргі заман талабына сай жайы мен проблемалары және оларды шешу жолдары, мамандырылған медициналық жәрдем көрсету мен емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің келешектегі даму жолдары, Қарулы Күштер және басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың мамандырылған медициналық жәрдем көрсету жүйесінің дамуы, тактикалық және оперативтік тұрғыда медицина қызметінің мамандарын жетілдіру дайындықтарының бағыттары бойынша пікірталас өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдырының медицина саласындағы мамандары қатысты.