Тілдер кафедрасы

Тілдер кафедрасының бастығы

философия докторы (PhD), полковник

Исеев Руслан Рафаэльевич

2014 жылдың 1 тамызында құрылды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

Кафедра жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде магистратура мен докторантураның барлық бағыттары және мамандықтарына жоғары оқу орнының негізгі пәндер циклінің негізгі компоненті шеңберінде тілдік пәндер (қазақ, орыс, ағылшын, неміс) бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Қосымша білім беру деңгейінде әскери қызметшілердің сөйлеу дағдылары түрлерін дамыту бойынша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кафедра тарапынан жыл сайын қарқынды тіл курстары ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ БҰҰ бітімгерлік миссиялары шеңберінде тыңдаушыларды шет елде ары қарай білім алуға және міндеттерін атқаруға бару үшін ағылшын тілі қарқынды курсының екі циклі 5 ай ұзақтығымен өткізіледі. Шетел әскери қызметшілеріне арналған қазақ және орыс тілдерінің қарқынды курстары жеке және тыңдаушыларды ҰҚУ магистратурасында одан әрі оқуға дайындау мақсатында өткізіледі

Кафедраның бастамасы және ұйымдастыру көмегімен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері тарихында алғаш рет екіжақты ынтымақтастық шеңберінде:

  • 2019 жылдан бастап серіктес елдердің ішінен бір қорғаныс ведомствосының өтінішімен шетел әскери қызметшілеріне орыс тілі курстары өткізіледі;
  • 2020 жылдан бастап ағылшын тілі оқытушыларына біліктілікті арттыру курстарында (Cambridge TKT Modules 1, 2, 3, TKT CLIL, Pre-CELTA, Textbook Design and Development қосқанда) 67 оқу орыны бөлінді;
  • 2021 жылдан бастап академиялық ұтқырлық аясында университетте Үндістан Республикасының оқытушылары ағылшын тілін оқытады;
  • 2023 жылдан бастап Түркия Елшілігімен бірге ҚР ҚК әскери қызметшілеріне түрік тілінің қарқынды курсы өткізіледі;
  • 2024 жылғы тамызда ITEC үнді бағдарламасымен тілдер аудиторияларын заманауи интерактивті тақталарға баламалы интерактивті сенсорлы панельдермен жабдықтау жобасы аяқталды; 2025 жылы халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы авторлар ұжымы International House және Peacekeeping English Project бірлесіп, жалпыеуропалық тілдік құзыреттілік межелігінің талаптарына сай келетін күшейтілген пәнаралық құрамдас бөлігі бар ағылшын тілі оқулығы бойынша жұмысын аяқтады.
  • 2025 жылдан бастап серіктес елдердің қорғаныс ведомстволарының өтініші бойынша шетелдік әскери қызметшілер үшін қазақ тілінің қарқынды курстары (CEFR A1, A2, B1, B2) өткізіледі.

Кафедраны басқарғандар:

2014-2016 жж. – ҚР ҚК қызметкері Абильмажинова Майра Шоматовна;

2016-2017 жж. – полковник Шапиев Манель Молдасанович;

2018-2019 жж. – полковник Жакупов Руслан Базарбекович.