logo

ЕСКЕ АЛУ ЖАРЫСЫ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ


ЕСКЕ АЛУ ЖАРЫСЫ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Ұлы Отан соғысы басталуының 80 жылдығына арналған естелік жарысқа қатысты. Іс-шараға университеттің 300-ден астам әскери қызметкері қатысты.

Университет бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков бұл шараның басты мақсаты – Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған батырларды еске алу, сондай-ақ жас ұрпаққа тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын еске салу қажеттілігін атап өтті.

Жүгіру салтанатты түрде Гимнді орындаудан басталды. Қатысушылар ұзындығы 3 километр қашықтықты еңсерді.

Аталған іс-шара Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар сериясының бір бөлігіне айналды.