logo

Ерлік ешқашан ұмытылмайды


Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Астана қаласындағы №85 мектеп-лицейінде «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты сабағы 2025 жылғы 6 мамырда Астана қаласындағы №85 орта мектепте Отан қорғаушылар күніне орай өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ерлік сабағы» өткізілді.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Философия ғылымдарының докторы (PhD), полковник Спатаев Ербол Дәулетбақыұлы – белгілі әскери ғалым, қоғам белсендісі, және Ұлттық қорғаныс университетінің 1-ші курс докторанты, полковник Цымбыл Анатолий Анатольевич – мол тәжірибесі бар әскери қызметкер, зерттеуші. Сабақ барысында қонақтар оқушылармен өздерінің әскери қызмет жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ерлік, парыз және Отанға деген сүйіспеншілік туралы әсерлі әңгімелер айтты. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен қазіргі Қарулы Күштердің міндеттері кеңінен баяндалды.

Іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, оқушылар мен мұғалімдердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл сабақ жастардың патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып, ерлік пен ар-намыстың уақытпен өлшенбейтін құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.