Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің оқу жоспары бойынша, 24-28 ақпан аралығында «Қарулы күштері Бас штаб академия» факультетінің 2 курс магистранттары далалық оқу іс-сапарына шықты.
Іс – сапар барысында магистранттар Қарағанды, Астана гарнизонында орналасқан «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Ішкі істер Министрлігіне қарасты «Орталық» қолбасшылығында болып қызметтік міндеттер және оқу-жаттығу, басқару жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды гарнизонында орналасқан бір қатар әскери бөлімдерге, құрамаларға барып, жауынгерлік дайындықтың ұйымдастыруын, әскери бөлімдерге қойылған міндеттемелермен, оқу полигондарымен танысты. Жоспар бойынша осы екі облыстарда орналасқан қорғаныс-өнеркәсіп өндірісін көріп қайтты.