logo

ГАЖ саласындағы біліктілікті арттыру: ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде курсты сәтті аяқтауы


ГАЖ саласындағы біліктілікті арттыру: ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде курсты сәтті аяқтауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің көмегімен геоақпараттық қамтамасыз ету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курсы сәтті өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің түрлі бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Курс бағдарламасы қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелермен (ГАЖ) жұмыс істеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтыды
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды аттестаттаудан сәтті өтіп, біліктілігін арттыру туралы сертификаттарды алды.
ҚР Ұлттық қорғаныс, университеті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудің негізгі инновация бағыттарында мамандарды даярлауға бағытталған тәжірибелік-бағдарланған бағдарламаларды одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.