logo

«Берег» және «Қазақстан» оқу полигондарында квадрокоптерлердің зерттеу сынақтары өтті


«Берег» және «Қазақстан» оқу полигондарында квадрокоптерлердің зерттеу сынақтары өтті

Ағымдағы жылдың 10-15 наурыз аралығында «Берег» және «Қазақстан» оқу полигондарында (Қонаев қ.) полковниктер Бойко А.В., Қабдолда Ж., подполковник Колумбетов Б.Д., лейтенант Шарипов В.Д., Бойко В.А. құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ӘҒЗО ҒЗИ ҚЖжӘТ зерттеу тобы квадрокоптерлердің зерттеу сынақтарын өткізді.

Зерттеу сынақтары «Тактикалық-техникалық деректердің практикалық негіздемесі бар үлгілерді дайындау арқылы тактикалық бөлімшелерде шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану әдістемесін әзірлеу» ҒЗЖ шеңберінде ұйымдастырылды.

Сынақтардың мақсаты РГД-5 және РКГ-3 қол гранаталарын тактикалық қолдану және мақсатты түрде тастау бойынша 7 және 10 дюймдік квадрокоптерлерге практикалық тестілеу жүргізу болды.

Сынақтардың негізгі міндеттері: квадрокоптерлердің нақты тактико-техникалық сипаттамаларын анықтау, РКД-5 қол гранатасын түсіру әдістемесін жетілдіру, РКГ-3 қол гранатасын түсіру және жарақтандыру әдістемесін пысықтау, оқ-дәрілерді нысаналы түрде тастау үшін квадрокоптердің ұшу параметрлерін анықтау, квадрокоптерлерді жауынгерлік қолданудың тактикалық тәсілдерін сынау, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірлеу болды.

Сынақ нәтижелері бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, 12 наурызда Қонаев және Алматы гарнизондарына жұмыс сапары аясында «Берег» оқу полигонына Қорғаныс министрі генерал-полковник Р.Ф. Жақсылықов келді, оған зерттеу тобы әзірленген квадрокоптерлердің үлгілерін, сондай-ақ олардың тактикалық бөлімшелердің мүддесі үшін қолдану мүмкіндіктерін ұсынды.

Сондай-ақ, зерттеу тобы ҚР ҚК ДШӘ ҰАЖ бөлімшелерінің жеке құрамы үшін теориялық және көрнекі сабақтар өткізді.