logo

Беларусь Республикасы Әскери ғылым өкілдерінің Қазақстан Ұлттық қорғаныс университеті басшылығымен жұмыс кездесуі


Беларусь Республикасы Әскери ғылым өкілдерінің Қазақстан Ұлттық қорғаныс университеті басшылығымен жұмыс кездесуі

2025 жылғы 8 сәуірде Ұлттық қорғаныс университетінде Беларусь Республикасының Әскери ғылым өкілдері мен Ұлттық қорғаныс университеті басшылығының кездесуі өтті.

Кездесу барысында Беларусь Республикасының өкілдері Беларусь Қарулы Күштерінің ғылыми-зерттеу институтын ТМД қатысушы мемлекеттердің әскери қауіпсіздік мәселелерін зерттеу саласындағы базалық ұйымы ретінде таныстырды. Сондай-ақ, екі елдің өкілдері бір-бірін өз мекемелерінің ғылыми қызметінің бағыттары мен негізгі нәтижелері туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-зерттеу қызметінің перспективалық бағыттарын белгілеп, екі елдің әскери қауіпсіздігі мүддесінде бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделілігін растады.