logo

Беларусь Республикасы Қорғаныс Министрінің Бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне ресми сапары


Беларусь Республикасы Қорғаныс Министрінің Бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне ресми сапары

2025 жылғы 15 сәуірде ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне ресми сапармен Беларусь Республикасы Қорғаныс Министрінің Бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-майор
П.Н. Муравейко бастаған БР Қарулы Күштерінің өкілдері келді.

Сапар барысында әскери қауіпсіздік мәселелерін зерттеу мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметі таныстырылды.

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің ғылым мен білім саласындағы одан әрі терең ынтымақтастығының негізгі аспектілері мен бағыттары талқыланды.