logo

«Айбын-25» жарысында «ҰлтҚорғаУ» — елдің үздік командалары арасында 6-орынмен лайықты дебют жасады


«Айбын-25» жарысында «ҰлтҚорғаУ» — елдің үздік командалары арасында 6-орынмен лайықты дебют жасады

Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны «Айбын-25» жартылай финалдық жарыстарының соңғы күні Ұлттық қорғаныс университетінің «ҰлтҚорғаУ» командасы үшін өз түзетулерін енгізді.

Жарыс қорытындысы бойынша 19 команда арасында «ҰлтҚорғаУ» әскери-патриоттық клубы 6-орынды иеленді. Бұл нәтиже бірнеше жыл қатарынан қатысып келе жатқан РГК «Астана», РГК «Шығыс», РГК «Оңтүстік», СГО командасы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және осы жиынға тәжірибесі бар басқа да мықты командалардан алда болғанын көрсетті.

Біздің жассарбаздар мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Кейбір сәттерде тәжірибе, кейбірінде төзімділік пен психологиялық тұрақтылық жетіспеді. Дегенмен, жігіттер – жарады! Олар мықты және лайықты қарсылас екендерін дәлелдеді, және олармен санасу керек екенін көрсетті.